Астана мен Бурабай аралығында жол жабық

Фотография - Астана мен Бурабай аралығында жол жабық

Жолдың жабылуына боран себеп болып отыр

161 0

Боранға байланысты еліміздің өңірлеріндегі бірқатар жолдарда көлік қозғалысы шектелді.

"Қазақавтожол" РМК-ның мәліметіне қарағанда, "Астана-Петропавловск" жолының 13-230 шақырымындағы Астана мен Щучинск аралығында жол жабық. 

Сонымен қатар, Ақмола облысы аумағынан өтетін «Екатеринбург-Алматы» жолының Жақсы елді мекені мен Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы (856-917 шақырым) учаскесінде көлік қозғалысы шектелді. 

Мұнымен қоса, "Екатеринбург-Алматы" жолының 1492-1854 шақырымындағы Қарағанды және Балқаш қалалары аралығында жүк және қоғамдық көліктер үшін жол жабық тұр. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, боран салдарынан бірнеше күннен бері Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы бірқатар жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!