Астанада ауа-райының бұзылуынан 1-9 сыныптарға сабақ болмайды

Фотография - Астанада ауа-райының бұзылуынан 1-9 сыныптарға сабақ болмайды

Сабақ бірінші ауысымға ғана болмайды

251 0

Астанада 29 желтоқсанда бірінші ауысымдағы бірінші сыныптан тоғыншы сыныпқа дейінгі оқушылардың сабағы болмайды, деп жазады  Today.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Сабақтар ауа-райының күрт бұзылуынан тоқтап қалды.

"Қазгидромет" РМК берген мәлімет бойынша, 29 желтоқсанда Астанада бұлтты, кейде қар жауады, бұрқасын мен көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр, кейде 25 метрге дейін жылдамдықпен соғады. Температура түнде және күндіз -5-7 градус.