Елордада қар жинау жұмыстарына 2800 жуық арнайы техника жұмылдырылды

Фотография - Елордада қар жинау жұмыстарына 2800 жуық арнайы техника жұмылдырылды

Үстіміздегі жылы 29 желтоқсандағы жағдай бойынша, қар полигонына 816 742 текше м қар шығарылды, 15 371,5 текше м құм-тұз қоспасы төселді

64 0

Бүгін Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты 2795 бірлік арнайы техника қар жинау жұмыстарына тартылды, соның ішінде 775 самосвал, 294 соқа-щетка жабдығы бар трактор техникасы, 288 тиегіш, 112 сыпыру машинасы және т.б. 2400 жуық жұмыскер қала көшелеріндегі қарды тез тазалау жұмыстарына жұмылдырылды. Нысандарды қардан тазалау үшін ведомствоға қарасты ұйымдардан қосымша жұмыс күші тартылды. Қарды полигонға апару үшін түнде жұмыс істейтін бригадалар құрылды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Үстіміздегі жылы 29 желтоқсандағы жағдай бойынша, қар полигонына 816 742 текше м қар шығарылды, 15 371,5 текше м құм-тұз қоспасы төселді.

Синоптиктердің болжамдарына сәйкес, бүгін елордада күн бұлтты, қар жауып, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде және күндіз ауа температурасы минус 5-7°С болады.

Ертең, 30 желтоқсанда Астанада күн ала бұлтты болады, қар жауады, боран, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы күндіз минус 7-9°С, түнде – 10-12°С суық болады.

31 желтоқсанда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылда



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!