Алматыда 1 тоннаға жуық пиротехникалық өнімдер тәркіленді

Фотография - Алматыда 1 тоннаға жуық пиротехникалық өнімдер тәркіленді

Тексеру барысында 10-ға жуық сауда нүктесінен жалпы салмағы 1 тоннаға жуық, 154 мың дана сетификатталмаған контрафактілік өнім табылды

166 0

Алматыда 1 тоннаға жуық пиротехникалық өнімдер саудадан алынып тасталды, - деп хабарлайды egemen.kz қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мен қалалық полиция және прокуратура өкілдері Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында әдеттегідей қаладағы жайма сауда орындарында рейд өткізді.

Тексеру барысында 10-ға жуық сауда нүктесінен жалпы салмағы 1 тоннаға жуық, 154 мың дана сетификатталмаған контрафактілік өнім табылды. Рейд мүшелері заңсы пиртехникалық өнімді тәркіледі.

Мереке күндері өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында күмән тудыратын пиротехникалық өнімдерға қатысты сауда орындарында 1500-дей жадынама таратылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!