Алматы облысында пошта қызметкерлеріне 18 көлік берілді

Фотография - Алматы облысында пошта қызметкерлеріне 18 көлік берілді

Алматы облыстық және Талдықорған қалалық филиалдарының бұл қуанышымен облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев құттықтады

272 0

"Қазпошта" АҚ-ның Алматы облысындағы аудандық және қалалық бөлімшелеріне 18 автокөлік берілді, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Алматы облыстық және Талдықорған қалалық филиалдарының бұл қуанышымен облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев құттықтады. Шараға "Қазпошта" АҚ облыстық филиалының директоры Мұхит Кәрібаев та қатысты. Б. Өнербаев "Лада", "УАЗ", "ВАЗ", "IVECO", "ГАЗ", "Hyundai" маркалы жаңа автокөліктердің кілтін беру салтанатына қатысты. Бұл көліктер Жамбыл, Іле, Сарқан, Кербұлақ, Райымбек, Ұйғыр, Талғар аудандарына, Талдықорған мен Текелі қалаларына бөлінетін болады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!