Алматылықтар жаңа жыл түнін Республика алаңында ерекше қарсы алады

Фотография - Алматылықтар жаңа жыл түнін Республика алаңында ерекше қарсы алады

Эстрада әншілерінің қатысуымен концерт өтіп, соңы отшашумен аяқталады

498 0

Алматылықтар Республика алаңында Жаңа жыл түнін ерекше қарсы алады. Эстрада әншілерінің қатысуымен концерт өтіп, соңы отшашумен аяқталады. Балаларға арналған арнайы мерекелік шара да ұйымдастырылған.  

Алматыда жаңа жылға дайындық қызу. Қала мерекеге қарсы ерекше безендіріліп жатыр. 30 желтоқсанда таңғы сағат 9-дан бастап Республика алаңында болатын концертке қажетті жарақтар қойылмақ. Сағат түнгі 22:00-де басталатын кеш қазақстандық эстрада әншілерінің қатысуымен өтеді.

"Ертең біз алаңды концертке даярлауға кірісеміз. Негізгі құрылғыларды, дыбыстық, жарықтық техникаларымызды, сахнаны дайындаймыз. Ертең дайындыққа алаңның бір бөлігін ғана жабамыз, ал 31 желтоқсан кешкі сағат 20-00-де алаң түгел жабылады",- деді Алматы қаласы Мәдениет басқармасының әкімшісі Әсем УӘКІШЕВА.

Ұйымдастырушалдың сөзіне сенсек, осы жылғы концерт бұрынғылардан өзгеше болмақ. Эстрада жұлдыздарынан бөлек, Аяз ата мен Ақшақар тұрғындарға кішігірім сыйлық үлестіреді.


Осы жылы мерекенің шарықтау шегі ерекшеленеді. Концерт соңында Роза Рымбаева мен Батырхан Шүкеновтың әсем әуенімен 7 мин 30 сек жалғасатын музыкалық пиротехникалық шоуды қала тұрғындары мен қонақтары тамашаламақ. 


baq.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!