Жергілікті полиция құрамына 1,5 мың елордалық полиция қызметкері кіреді

Фотография - Жергілікті полиция құрамына 1,5 мың елордалық полиция қызметкері кіреді

сурет astana.gov.kz сайтынан

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақтанда атқарушы органдар мен халық алдында есеп беретін жергілікті полиция қызметін толыққанды бастайды

290 0

Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақтанда атқарушы органдар мен халық алдында есеп беретін жергілікті полиция қызметін толыққанды бастайды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Еске салайық, Мемлекет басшысының бес институтционалды рефомасын орындау бойынша Ұлт жоспарының 30-шы қадамын іске асыру үшін ағымдағы жылы 2 қарашада "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына қол қойылды. Жергілікті полиция құрудың мақсаты жергілікті атқарушы билік пен жұртшылыққа есеп беру арқылы полиция қызметін ашық әрі әділ ету болып табылады.

Астана қаласы ІІД ӘПБ бастығы полиция полковнигі Бақытжан Малыбаевтың атап өтуінше, жаңадан құрылатын жергілікті полиция құқықтық тәртіпті қорғау мен ұсақ бұзушылықтардың алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыстық заң бұзушылықтардың жолын кесу саласында ғана қызмет атқарады. Оларға заңмен қарастырылмаған қызмет жүктеуге түбегейлі шек қойылады.

Жергілікті полиция құрамына учаскелік полиция инспекторларының бөлімшелері және олардың көмекшілері, ювеналдық полиция, аумақтық бөлімшелер мен мектеп инспекторлары, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесі, табиғат қорғау және жол-патрульдік полиция бөлімшелері, солармен қатар, әкімшілік қамауға алынғандарға арналған арнайы қабылдағыш пен белгілі тұрғылықты жері жоқ тұлғаларға арналған қабылдау-тарату орындары кіреді. Жалпы алғанда, елордада жергілікті полиция 1,5 мың полиция қызметкерін біріктірмек.

Жергілікті полиция жетекшілеріне әкім мен маслихат алдында қызмет қортындысы бойынша жылына екі реттен кем емес, халыққа алдында –  жылына 1 рет есеп беру міндеті заңды түрде жүктелген.

Оған қоса, учаскелік полиция инспекторлары атқарылған жұмыс жөнінде өздері бекітілген әкімшілік учаскедегі жұртшылық алдында әр тоқсан сайын есеп береді.

Өз кезегінде барлық деңгейдегі әкімдер жергілікті полицияға құқықтық тәртіпті қорғау мен ұсақ бұзушылықтардың алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыстық заң бұзушылықтардың жолын кесу бойынша тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын бақылайды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!