Алматыда Аяз ата үйі өртенген 14 отбасыға пәтер сыйлады

Фотография - Алматыда Аяз ата үйі өртенген 14 отбасыға пәтер сыйлады

Жаңа жыл мерекесіне қарай Алматы қаласының Жетісу ауданында 14 отбасына жаңа пәтерлер берілді.

345 0


Жаңа жыл мерекесіне қарай Алматы қаласының Жетісу ауданында 14 отбасына жаңа пәтерлер берілді. 60-тан аса тұрғынның биылғы жылы 7 тамызда қатарласа орналасқан үйлері түгел өртеніп кеткен болатын

Алғашыншда тілсіз жаудың шығу себебіне адами фактор, яғни қауіпсіздік ережесін сақтамағаннан деген қорытынды шығарылды. Тіпті, бір ер азамат отқа тірідей жанып кетіп, оқиға орнында қайтыс болған еді. Үстіндегі бір киетін киіммен ғана қалған 14 отбасы мүшелері осы күнге дейін халық әкелген киім-кешекті сүйретіп, пәтер жалдап тұрып жатты. Енді олар жаңа жылды жаңа пәтерде қарсы алады.

2 баласымен қаңғып қалғандардың бірі Мария Сатыбалдиеваның отбасысы. Су жаңа үйдің кілтін Аяз ата мен аудан әкімі Талғат Разахов тапсырғанда сыйлыққа сенбей, көз жасына ерік берді.