Қазақстанның екі облысында боран салдарынан жол жабылды

Фотография - Қазақстанның екі облысында боран салдарынан жол жабылды

Мереке қарсаңында жолдар боран, жолдың көрінбеуі себебінен жабылып отыр.

351 0

Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында ауа райының қолайсыздығы салдарынан жол жабылды.

Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына (боран, жолдың көрінбеуі) байланысты "Омбы-Майқапшағай" жолында  (942-1002 шақырым), Кеңтарлаудан Көкпектіге дейінгі учаскеде  жүк көлігі үшін жол қозғалысы шектелді, деп хабарлайды "Қазавтожол" РМК баспасөз қызметінен.

Қарағанды облысында "Екатеринбор-Алматы" (1364-1416 шақырым) автожолында, бұрын енгізілген Осакаровкадан Теміртау қаласына дейін учаскеде барлық көлік түрлері үшін жол қозғалысы шектелді.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!