Астанада 2016 жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында 2 500 астам пәтер салынады

Фотография - Астанада 2016 жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында 2 500 астам пәтер салынады

Биыл 1 758 пәтерлік 8 көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы жалғасады

165 0

Биыл Астанада Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін жалпы ауданы 96,55 мың м² құрайтын 1 758 пәтерлік 8 көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы жалғасады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жж арналған мемлекеттік бағдарламасын аяқтайтын нысандар пайдалануға берілмек: Сарайшық көшесінің оңтүстігіне қарай, М. Жұмабаев даңғылының шығысында орналасқан жалпы ауданы 21,8 мың м² құрайтын 310 пәтерлік тұрғын кешендерінің құрылысы; Сарыбұлақ өзенінің бойында Н. Тілендиев даңғылының оңтүстігіне қарай орналасқан жалпы ауданы 3,20 мың м² 62 пәтерлік КТК.

Арендалық тұрғын үй бағыты бойынша Оңтүстік-Шығыс ауданында жеке тұрғын үй құрылысы ауданында жалпы ауданы 14,40 мың м² құрайтын 217 пәтерлік тұрғын үй кешенін, Оңтүстік-Шығыс ауданында жеке тұрғын үй құрылысы ауданында жалпы ауданы 5,10 мың м² құрайтын 95 пәтерлік тұрғын үй кешенін, сонымен қатар, Көктал кентінің оңтүстік-шығысына қарай жалпы ауданы 16,30 мың м² 293 пәтерлік тұрғын үй кешенін салу жоспарланған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!