БҚО әкімі баспананың бітпей қалу себебін түсіндірді

Фотография - БҚО әкімі баспананың бітпей қалу себебін түсіндірді

Осыдан екі жыл бұрын Орал қаласы салына бастаған 5 қабатты қос тұрғын үйдің құрылысы әлі аяқталмаған

266 0

"Қолжетімді баспана–2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында баспаналы болуға тиіс жас отбасылардың қоныс той тойлау күнінің кешеуілдеу себебін Батыс Қазақстан облысының әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында түсіндірді, - деп хабарлайды Baq.kz .

Осыдан екі жыл бұрын Орал қаласының Зашаған кентіндегі жас отбасыларға арналып салына бастаған 5 қабатты, 90 пәтерлік қос тұрғын үйдің құрылысы әлі күнге аяқталмай келеді. Ал аталған нысанға қатысты құжат тапсырып, тиісті талаптардан өткен жас отбасылар әлі күнге өз баспаналарына қолдары жетер емес. БАҚ өкілдері өңір басшысынан аталған мәселенің мән-жайын сұраған болатын.

– Бұл құрылыс нысаны (№13 және 14 үй) Орал қаласының іргесіндегі Зашаған кентінде 2013 жылы қолға алынған болатын. Алайда, 2013-2015 жылдарда қаржыландыру толығымен қарастырылмағандықтан тұрғын үйлердің құрылысы аяқталған жоқ. Ал ендігі жерде біз №13 үйдің құрылысын аяқтау үшін 2016 жылға жергілікті бюджет есебінен қаражат қарастырып отырмыз. Құрылыстың аяқталу уақыты шамамен 2016 жылдың маусым-шілде айларына жоспарланған болса, №14 үйдің құрылысын аяқтау үшін қаражатты республикалық бюджеттен бөлуді сұрап отырмыз. Бұл нысанның пайдалануға тапсыру уақыты 2016 жылдың қыркүйек-қазан айларына жоспарланған, - деді Нұрлан Асқарұлы.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!