Қазақстанда Жаңа жыл қарсаңында 393 сәби дүниеге келді

Фотография - Қазақстанда Жаңа жыл қарсаңында 393 сәби дүниеге келді

Жаңа туылған нәрестелер саны жағынан бірінші орында Алматы қаласы тұр

1301 0

Қазақстанда 2015 жылғы 31 желтоқсанда 393 сәби дүниеге келді. Жаңа туылған нәрестелер саны жағынан бірінші орында Алматы қаласы тұр деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі. 

Мұнда жылдың ең соңғы күні 83 бала дүние есігін ашты. Одан кейінгі орындарда тұрған Маңғыстау облысында – 51, Шығыс Қазақстан облысында – 43, Алматы облысында - 39, Жамбыл облысында – 36, Оңтүстік Қазақстан облысында – 28, Астана қаласында - 27 бала дүниеге келді. Айта кету керек, Қазақстанда 2014 жылдың 31 желтоқсанында 820  сәби дүниеге келген. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!