Елордада 250 астам медицина қызметкері ағылшын тілін меңгеруде

Фотография - Елордада 250 астам медицина қызметкері  ағылшын тілін меңгеруде

сурет astana.gov.kz сайтынан

Қазіргі кезде денсаулық сақтау саласының 260 қызметкері білім алуда, ал оқытылуы тиіс қызметкерлер саны 486 құрайды

235 0

ЭКСПО-2017 қарсаңында Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы 2015 жылдың сәуір айынан бері ағылшын тілінен курстар ұйымдастырып келеді. Қазіргі кезде денсаулық сақтау саласының 260 қызметкері білім алуда, ал оқытылуы тиіс қызметкерлер саны 486 құрайды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Өткен жылы Астана қаласының әкімдігі "Астана «EXPO-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ бірлесіп ЭКСПО-2017 қонақтары мен қатысушыларына медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі.

ЭКСПО басшылығы көрме аумағында бастапқы медициналық көмек көрсететін жеті пункт пен бір дәрігерлік амбулатория пунктін ашады, соның ішінде ауданы 20 м² құрайтын 4 медпункт, ауданы 30 м² құрайтын 3 медпункт, ауданы 78 шаршы метрлік 1 амбулатория. Әрбір медициналық пунктте көрменің жұмыс істеу уақытына байланысты үш ауысыммен бір дәрігер мен бір мейірбике жұмыс істейді.

ЭКСПО кезінде қалалық бастапқы медициналық-санитарлық ұйымдар қонақтар қоныстанған жерлерде тәулік бойы жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің посттарын ұйымдастырады. Жедел стационарлық медициналық көмекті қажет ететін жағдайлар орын алса, пациенттер аурудың профиліне байланысты көп профильді стационарларға жеткізіледі. Осы мақсатта халықаралық көрме өтетін кезеңде әрбір ауруханада қосымша 30–50 кереует-орын дайындалады. Сонымен қатар, адамдардың ауруханаға жаппай түсуі жағдайы үшін қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында қосымша бокстар жасалады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!