Астанада оқушылар арасында пәндер бойынша қалалық олимпиада өтіп жатыр

Фотография - Астанада оқушылар арасында пәндер бойынша қалалық олимпиада өтіп жатыр

Оқушылардың пәндік олимпиадалары Астана қаласының білім беру мекемелерінде оқитын дарынды балаларды анықтау, дамыту мақсатында өткізіледі.

454 0

Астанада 15 жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиаданың III қалалық кезеңі басталды. Екі күн бойы (5 және 6 қаңтарда) №66 мектеп-лицейі мен №6 гимназия базасында 9-11 сыныпта оқитын 702 оқушы өзара жарысқа түседі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

№ 66 мектеп-лицейде олимпиада химия, биология, физика, математика, география, информатика пәндерінен; № 6 гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептер арасындағы қазақ тілі; құқық негіздері, тарих, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептер арасындағы орыс тілі, ағылшын, неміс, француз тілдерінен өтіп жатыр. Оқушылардың жұмыстарын елордалық жетекші ЖОО-ның 58 ғалымы кірген қазылар алқасы бағалайтын болады.

Оқушылардың пәндік олимпиадалары Астана қаласының білім беру мекемелерінде оқитын дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау мақсатында жыл сайын өткізіледі. Қалалық кезеңнің жеңімпаздары биыл көктемде өтетін республикалық олимпиадаға жолдама алады.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!