Астанада жаңа мектептер мен балабақшалар салынады

Фотография - Астанада жаңа мектептер мен балабақшалар салынады

Бұдан басқа, биыл №16, 32, 37 мектептерге әрқайсысы 525 орындық жапсарлас ғимарат салынады

347 0

Астанада әлеуметтік маңызды нысандар құрылысы жалғасады. 2016 жылы 600 орындық жалпы білім беру мектебінің, 800 орындық екі кәсіптік техникалық мектептің, 375 орындық коррекциялық мектеп-интернаттың және әрқайсысы 525 орындық мектепке жапсарлас ғимараттың құрылысы аяқталады. Бұдан басқа, биыл №16, 32, 37 мектептерге әрқайсысы 525 орындық жапсарлас ғимарат салынады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар, балабақшалар құрылысы жалғасады: Көктал-2 ауданында балалар тәулік бойы болатын 240 орындық мамандандырылған санаториялық мектепке дейінгі мекеме, № 8 "Рябинка" балабақшасына жапсарлас салынған 60 орындық ғимарат.

Денсаулық сақтау нысандарының ішінде келер жылы Железнодорожный тұрғын алабының солтүстік-шығысында орналасқан 500 кереует-орындық туберкулезге қарсы диспансердің құрылысы аяқталмақ. Сондай-ақ, сот-психиатрия сараптамасы бөлімінің құрылысы аяқталып, жедел медициналық жәрдем станциясын (тәулігіне 274 шақыру) салу жұмыстары жалғасады.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!