"Алматы-Ақтөбе" жүрдек пойызы енді күнара қатынайтын болады

Фотография - "Алматы-Ақтөбе" жүрдек пойызы енді күнара қатынайтын болады

Бұрын аталмыш пойыз 4 күнде бір рет жүрсе енді күн ара қатынайтын болады

315 0

"Жолаушылар тасымалы" АҚ 2016 жылдың 7 қаңтарынан бастап "Алматы-2-Ақтөбе" бағыты бойынша №49/50 жүрдек пойызының екінші құрамының жолға шығатынын хабарлайды. 

Бұрын аталмыш пойыз 4 күнде бір рет жүрсе енді күн ара қатынайтын болады. Жолда жүру уақыты - 29 сағат, бұл діттеген жеріне кәдімгі пойыздардан 14 сағат бұрын барады деген сөз.
Екінші құрам 29 жаңа "Тұлпар-Тальго" вагондарынан тұрады. Ол 2-і "Гранд», 2 –і "Бизнес", 20 "Турист" вагондарынан және 2 вагон-ресторан мен 3 техникалық вагондардан құралған.
Бұл пойызда да Жаңа жыл қарсаңында барлық "Тұлпар–Тальго" пойыздарына енгізілген 40 пайызға дейінгі жеңілдіктер дисконттық карталар мен икемді тарифпен қоса қолданылады.
Мысалы, 2016 жылдың 11 қаңтар күні жүретін пойызға жолаушының "Турист" вагонға билетті сол күні 8500 тенгеге алу мүмкіндігі бар. Ал "Құрмет" пен "Жастар" дисконттық карталарға ие зейнекерлер мен студенттер бұл билетті 30 пайыздық жеңілдікпен 5950 тенге ала алады. Егер жолаушы ертерек қамданса билет бағасы 5500 тенгеге, анағұрлым арзанға түспек.
Қосымша сұрақтар бойынша темір жол вокзалдарының кассаларына немесе 105 бірегей анықтама қызметіне телефон шалуға болады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!