Шымкентте биыл 2247 пәтер кілті өз қожайындарына тапсырылады

Фотография - Шымкентте биыл 2247 пәтер кілті өз қожайындарына тапсырылады

Қала әкімі орынбасарының мәліметінше, осы жылы берілетін баспаналардың 1887-і "Қазақстан ипотекалық компаниясы" тарапынан берілген

852 0

Шымкентте биыл 2247 пәтер кілті өз қожайындарына тапсырылады. Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.Жанбосынов хабарлады.  

Баспасөз жиынына сондай-ақ, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ә.Темірбаева қатысты, деп жазды Baq.kz.

Қала әкімі орынбасарының мәліметінше, осы жылы берілетін баспаналардың 1887-і "Қазақстан ипотекалық компаниясы" тарапынан берілсе, "Жас отбасы" бағыты ("Қазақстан Тұрғын үй жинақ банкі" АҚ желісі негізінде) бойынша 216 пәтер,

"Жалдамалы (коммуналды) тұрғын үй" бағыты бойынша 144 пәтер кілті өз қожайындарына тапсырылмақ.
Оның ішінде , "ҚИК" АҚ тұрғын үй бағыты бойынша құрылысы былтыр біткен 492 пәтер кілті өз қожайындарына табысталмақ. Өткен жылы салынып біткен осы баспаналарды алу бойынша 2641 азамат пәтер алуға ниет білдірді. Қазіргі таңда олардың төлем қабілеттілігі ипотекалық компания арқылы тексерілуде, төлем қабілетін растаған азаматтар өз пәтерлеріне қоныстанады", - деді Б.Жанбосынов 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!