Астанада жедел жәрдем дәрігерлері асқазанан қан кеткен әйелге кері кеңес берген

Фотография - Астанада жедел жәрдем дәрігерлері асқазанан қан кеткен әйелге кері кеңес берген

Медецина қызметкерлері қарапайым диагноз қоя алмаған

460 0

Астанада жедел жәрдем дәрігерлері пациентке қарапайым дигноз қоя алмаған. Асқазанның ішке қан кету жағдайында медқызметкерлер  әйел адамға ыстық тамақ пен ыстық сусын ішуге кеңес берген. Ал бұл жағдайда мұндай өте қауіпті. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасына зардап шегушінің ұлы Самат Ысқақов жазған, деп хабарлайды Today.kz.

Оның айтуынша, әйелде ұстама 25 желтоқсанда басталған. Туыстары тез арада жедел жәрдем шақырған. Келіп жеткен дәрігерлер ыстық шәй мен сорпа ішуге кеңес берген. Самат Ысқақов дәрігерлерге анасының асқазаны ауратыны және бұл ұстама сонымен байланысты болуы мүмкіндігін бірнеше рет ескерткенін айтады. Алайда, медецина қызметкерлері бұған назар аудармай кетіп қалған.

"Осыдан кейін анамның жағдайы нашарлай түсті. Біз жедел жәрдемнің екінші бригадасын шақырттық. Оларда анамның жағдайынан ауыр ештеме көрмей ауыртуды басатын екпе салды да, кетіп қалды. Демалыс бойы анам нашарлап, қысымы төмендеп кетті. Үйімізге терапевт шақырттық, ол болса тонометрсіз келген,анамды жай ғана қарап шығып, ол да кете барды. Анамды өзіміз №4-ші емханаға апардық, ол жерде бірден нақты диагноз қойды. Алайда, ол жерде де жедел жәрдемді 1 сағат 50 минут күтуге тура келді, сонымен бірге олар зембілсіз келген. Хирургия бөлімінің қызметкерлері медецина саласында ұзақ қызмет еткен зейнеткерге осынша немқұрай қарағанына таңданған түрлері әлі есімде", - деп бөлісті Самат Ысқақов.

Ер адамның айтуынша, қазіргі кезде анасының жағдайы тұрақтаған. Дегенмен, әйел адамның туыстары дәрігерлер үстінен Астананың Денсаулық сақтау басқармасына шағымданған.

"Бүгін ауруханаға анамнан кешірім сұрау үшін жедел жәрдем дәрігерлері келді. Олардың дипломдарын жоққа шығарып жіберуі де мүмкін дейді", - деп жазған Самат Ысқақов.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!