ОҚО-да жергілікті полиция қызметі құрылды

Фотография - ОҚО-да жергілікті полиция қызметі құрылды

сурет kz.otyrar.kz сайтынан

Облыс әкімі жергілікті полиция қызметі Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Ұлт жоспары – "100 нақты қадам" негізінде құрылғанын айтты

879 0

Бүгін, өңір басшысы Б.Атамқұловтың қатысуымен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс қырық бесінші сессиясы өтті. Онда ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың ұсынысымен, облыстық мәслихат депутаттарының қолдауымен, облыс әкімінің өкімімен ОҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына Балтабек Абылаев тағайындалды, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Жиында сөз алған облыс әкімі жергілікті полиция қызметі Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Ұлт жоспары – "100 нақты қадам" негізінде құрылғанын айтты. "Жергілікті полиция бұдан былай өңірдегі заң бұзушылықтарды анықтауға, зерделеуге және жоюға бағытталған шараларды ұйымдастыратын болады. Сондай-ақ, жергілікті полиция қоғамдық тәртіпті қадағалап, жол жүрісін және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді", - деді аймақ басшысы. Балтабек Сейілбекұлы Абылаев – 1962 жылы туған. ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген. 1990 жылдан бастап ішкі істер саласында қызмет етіп келеді. Б.Абылаев жаңа қызметіне дейін ОҚО ІІД Көші-қон полициясы басқармасының бастығы қызметін атқарып келген. Сонымен қатар, кезектен тыс сессияда облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.Ержан қоғамға еңбегі сіңген бірқатар азаматтарға «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалін табыстады. Құрметке ие болғандардың ішінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты О.Рахманбердиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ш.Мырзахметов те бар. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!