Алматыда Алмалы ауданы әкімдігі "Нұр Отан" партиясымен бірге мәжіліс өткізді

Фотография - Алматыда Алмалы ауданы әкімдігі "Нұр Отан" партиясымен бірге мәжіліс өткізді

А.П.Чехов атындағы орталық кітапханасында, 2016 жылы 8 қаңтар күні "Әлемге танылған – Тәуелсіз Қазақстан" атты дөңгелек стол мәжілісі өтті

587 0

А.П.Чехов атындағы орталық кітапханасында, 2016 жылы 8 қаңтар күні "Әлемге танылған – Тәуелсіз Қазақстан" атты дөңгелек стол мәжілісі өтті. Кіріспе сөзді Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Роза Қасымбекқызы Қабиева ашты. Алдымен мәжіліске келген қонақтармен таныстырды, деп хабарлайды Алмалы ауданы әкідігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ақсұңқар Әбілтаева.

1. Алматы қаласының мәслихат депутаты Шалабаев Құсман Кәрімұлы.

2. Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Бекжанова Айнұр Серікқызы.

2. Нұр Отан партиясы Алмалы аудандық филиалының төрағасының 1-ші орынбасары Ордабаева Найля Алтынбекқызы.

3. Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мамедова Ләззат Тынышбайқызы.

Келген қонақтарымыз өткен жылымыздың табысты аяқталуымен құттықтады. 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Ассамблеясының 20 жылдығы өткенін атап өтті. Енді осы жылы да бәріміз бірге жұмыла Елбасының Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол бағдарламасын қолдау мақсатында көптеген жұмыстар атқару керек екенімізді айтып өтті.

Кітапханалар жүйесі Қазақстан Республикасының Тәуелсіз Ел деп жариялануына биыл 25 жыл толуына орай қала кітапханаларында өткізілетін іс-шаралардың концепциясын жасады. Бұл концепциямен кітапханалар жүйесінің директор орынбасары Шолпан Қордағалиқызы Дүбірбаева таныстырды. Бұл іс-шаралардың мақсаты мен идеологиялық маңызы Еліміздің Тәуелсіз 25 жылдық тарихи жолын, оның заманауи экономикалық, әлеуметтік және саяси хал-ахуалын ашып көрсету. Елімізде болып жатқан жаһандық өзгерістерді, бағдарламалар мен реформаларды қолдау.

Биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған "Әлемге танылған – Тәуелсіз Қазақстан" атты кітап көрмесі алғашқы болып А.П.Чехов кітапханасында өтіп отыр. Аталған кітап көрмесі төрт бөлімнен тұрады.

1. Тәуелсіз Қазақстан – Ұлы дала елі.

2. Қазақстанның тарихи белестері.

3. Қазақстан бейбітшілік жерұйығы.

4. Мәңгілік ел – болашағы біртұтас ел.

Дөңгелек стол мәжілісінің соңында жыл бойы осы бағдарлама аясында атқарылатын жұмысымыз кішкене болса да оқырмандарға оң әсер етіп, болашақ жастарымызды алға жаңа белестерге жетелесе біздің бағдарламамыздың жүзеге асқаны деген үлкен үмітпен аяқталды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!