Алматылық қыз ишара тілінде "ән" салып жүр

Фотография - Алматылық қыз ишара тілінде "ән" салып жүр

Зухра Тұрсынова есту мүмкіндігі жоқ жандарменен өз шығармашылығымен бөлісіп жүр

401 0

16 жасар алматылық Зухра Тұрсынова әлеуметтік желіде өзгеше қызығушылығымен ерекшеленді. Қыз бала өз бетінше музыканы есту мүмкіндігінен айрылғандар үшін ишарат тілімен ән салады, деп жазады Тoday.kz.

Қыз бала тілінің ауыр ауытқулары бар балалар интернатында білім алады және есту мүмкіндігі жоқ адамдардың жағдайын жақсы түсінеді.

"Мен есту мүмкіндігінен айырылған жандар шеткері қалуын қаламаймын. Олар дамып, өзге адамдар сияқты өмір сүргенін көргім келеді. Мен тек аппарат көмегімен ғана естимін. Менің мүлде естимейтін достарым бар, олардың жағдайы қаншалықты екенін білсеңіздер. Олар ырғақты тез қабылдайды, билей алады, тек музыкамен емес. Олар барлық кедергілерден өтуге тырысуда. Мен оларға көмек қолын созғым келеді", - дейді Зухра.

Бейнеролик жазу ойы, Зухраның былтырғы жылы ән коркусына қатысып, алғаш рет ишара тілінде "ән " салғанынан кейін пайда болған.

"Ол кезде бұл ерекше болатындай көрінген. Бала кезімде музыка мен билеуді ұнататынмын. Өсе келе көпшілік алдында ән салуды ұйғардым, өйткені бұл маған ғана емес, барлық есту мүмкіндігі жоқ жандарға қатынаста болу үшін істеуім қажет екенін, оларға да музыка керектігін түсіндім", - дейді ол.






Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!