Ақбұлақ өзенінде мұз айдыны ашылды

Фотография - Ақбұлақ өзенінде мұз айдыны ашылды

сурет astana.gov.kz сайтынан

Таза ауада демалуға, коньки мен сырғанақ тебуге ересек те, кішкентай да елордалықтар келді

425 0

Жексенбі күні Ақбұлақ өзенінің жағасында мұз айдынының ашылуына арналған спорттық-ойын сауық бағдарламасына қатысу үшін жүздеген астаналық жиналды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Таза ауада демалуға, коньки мен сырғанақ тебуге ересек те, кішкентай да елордалықтар келді. Айта кетейік, мұз айдыны аумағында конькиді жалға алу пункті жұмыс істейді, конькиді жалға алу құны - сағатына 500 теңге. Мұз айдыны "Қазақстан" және "Барыс" мұз ареналарының жанында ашылды, онда "Барыс" командасының белгілі хоккейшілерінің мұздан жасалған фигуралары қойылды.


Ұйымдастырушылар қала тұрғындарының арасында байқаулар мен викториналар өткізді, белгілі эстрада әншілері мен би ұжымдары сахнада өнер көрсетті.

Еске салайық, "Жерұйық" және "Арай" парктерінде, сондай-ақ, қалалық әкімдіктің алдындағы алаңда да мұз айдындары бар. Қыс бойы "Хан Шатыр" СОО жанындағы мұз қалашығы, Есіл жағасындағы сырғанақтар жұмыс істейді. Демалыс күндері шаңғыроллерлік трассада өтетін шаңғы жарысына да қатысуға болады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!