200-ге жуық қазақстандық кадет әскерге алғашқы тағылымдамадан өтуге аттанды

Фотография - 200-ге жуық қазақстандық кадет әскерге алғашқы тағылымдамадан өтуге аттанды

Әскери тағылымдаманың мерзімі екі айды құрайды

136 0

Бүгін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімдері мен құрамаларында 2016 жылы оқу бітіретін кадеттердің әскери тағылымдамасы басталды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Қорғаныс министрлігі Кадет корпусының үйренушілері үшін бұл жаңа іс жүзіндегі тәжірибе мен ҚР ҚК әскери бөлімдері мен бөлімшелерінде нағыз қызметті танып-білудің алғашқы мүмкіндігі. Жарты жылдан кейін олардың әрқайсысы өз қызметін бастауға кіріседі. Барлығы практикалық сабақтарға екінші курстың 185 кадеті тартылады.

Олардың 53-і «Батыс» өңірлік қолбасшылығында, 45 кадет Аэроұтқыр әскерінде, 35-і «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында, тағы 52 кадет «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында тағылымдамадан өтеді. Әскери тағылымдаманың мерзімі екі айды құрайды. Бұл уақыт ішінде болашақ сержанттар Кадет корпусының қабырғасында алған теориялық, практикалық дағдылары мен шеберліктерін пысықтауы, Қарулы Күштердегі шынайы қызметке дайындалуы, кәсіпқой көшбасшының машығын жетілдіруі тиіс.

Еліміздегі бірден-бір Ш.Уәлиханов атындағы ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусы осы жылы өзінің 20 жылдығын атап өтетінін айта кеткен жөн. Биылғы жылға жоспарланған кадеттердің тағылымдамадан өтуі және барлық алдағы іс-шаралар оқу орнының мерейтойы аясында өтеді. 20 жыл ішінде Кадет корпусының қабырғасынан 2 400-ден аса кіші командалық құрам мамандары түлеп шықты. Бүгінде "Әскери басқарудың кіші маманы" дипломы және біліктілігімен, ЖӘЖМ-нің механик-жүргізушісі және "В", "С" санатындағы жүргізуші куәлігімен олардың барлығы қазақстандық армияда қызмет етуде.

ҚР ҚМ Кадет корпусының түлектері қатарында бөлімше командирінен бастап Қарулы Күштерінің бас сержантына дейінгі лауазымдарда өздерінің әскери борышын жоғары әрі лайықты деңгейде атқарып жүрген көптеген дарынды әскери қызметшілер бар.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!