Елордада аулалар абаттандырылады

Фотография - Елордада аулалар абаттандырылады

сурет astana.gov.kz сайтынан

Биыл "Алматы" ауданында жалпы ауданы 13 707 шаршы метр жерге асфальтбетон жабыны төселіп, 10 ауланы кешенді абаттандыру көзделген.

110 0

Елордада жыл сайын аулаларды абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі, соның ішінде орамішілік ауалалар мен жолдарды жөнделіп, балалар алаңдары ауыстырылады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Биыл "Алматы" ауданында жалпы ауданы 13 707 шаршы метр жерге асфальтбетон жабыны төселіп, 18 үйді қамтитын 10 ауланы кешенді абаттандыру көзделген. Бұдан басқа, 13 балалар ойын алаңы мен 4 спорт алаңы, 10 күрке мен 10 кір жаятын алаң жасалады. Ағымдық күтіп-ұстау аясында 37 мың шаршы метр асфальтобетон жабыны, 70 спорт алаңы, даладағы 10 тренажер жөнделеді, 36 жаңа балалар ойын кешені мен 20 шағын архитектуралық пішін орнатылады.

"Сарыарқа" ауданында 19 орамішілік аула аумағын кешенді абаттандыру жоспарланған: Желтоқсан к-сі, 28, Ирченко к-сі, 31, Жеңісдаңғылы, 3, Жеңіс даңғылы, 5, Жеңіс даңғылы, 5/1, Сарыарқа даңғылы, 31/2 , Желтоқсан к-сі, 1, Күмісбеков к-сі, 8, Сейфуллин к-сі, 4/1, Аспара к-сі, 2б, Затаевич к-сі, 11, Дүкенұлы к-сі, 37/1, Павлов к-сі, 29, Дүкенұлы к-сі, 37/2, Дүкенұлы к-сі, 37/3, Тілендиев даңғылы, 15, Тілендиев даңғылы, 15/1, Тілендиев даңғылы, 15/2, Жангельдин к-сі, 7.

Сарыарқа ауданы әкімдігінің қызметкерлері шағын архитектуралық пішіндерді ағымдық күтіп ұстау мақсатында ревизия жүргізіп, оларды тұрғын үйлердің ПИК, ТК, ЖШС қызмет көрсету ұйымдарына берді. 2015 жылы 128 аулада шағын архитектуралық пішін жөнделіп, боялды.

"Орамішілік ауалалар мен жолдарды ағымдық жөндеу және күтіп-ұстау, балалар алаңдарын ауыстыру" жөніндегі бағдарлама бойынша үш гүлбақта және Есіл өзенінің жағасында шағын архитектуралық пішіндер, далалық тренажерлар, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды, кеспе тастар мен асфальтбетон жабыны жөнделді.

"Сарыарқа" ауданында аулаларды абаттандырумен қатар қасбетті жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Биыл 55 тұрғын үйдің қасбеті жөнделеді, былтыр 47 тұрғын үйдің қасбеті әрленді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!