Елордада биыл 30 үй жаңғыртылады

Фотография - Елордада биыл 30 үй жаңғыртылады

сурет astana.gov.kz сайтынан

Үстіміздегі жылы "Алматы" ауданында бағдарлама аясында 16 үйді жөндеу жоспарланған

144 0

Астанада жыл сайын қала аудандарында ТКШ жаңғырту бойынша кешенді жұмыстар жүргізіледі. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

2011-2020 арналған Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы қолға алынғалы "Алматы" ауданында оны іске асыру шарттарын түсіндіру бойынша тұрғындармен кездесулер өткізіледі.

Үстіміздегі жылы "Алматы" ауданында бағдарлама аясында 16 үйді жөндеу жоспарланған. 2015 жылы 11 жөнделді, жалпы, 2011 жылдан бері Алматы ауданында 42 үй жөнделіп, 21 лифт ауыстырылды.

2016 жылы "Сарыарқа" ауданында аталған бағдарлама аясында 11 үйді жөндеу көзделген, соның ішінде 5 үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, 4 үйді жөндеу аяқталады, сондай-ақ, екі үйде лифттер ауыстырылады.

2011-2015 жылдары ТКШ жаңғырту бағдарламасы аясында ауданда 34 үй мен 15 лифт, ал 2015 жылы 7 үй жөнделді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!