Бас мүфти балалар үйіне сый жасады

Фотография - Бас мүфти балалар үйіне сый жасады

Бас мүфти балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жеткіншектерге достық, татулық, мейірім жайында уағыз айтып, кеңінен түсіндірді

491 0

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматыдағы республика сарайында өтетін Мәуліт мерекесінен түскен қаражаттың есебінен Алматы Облыстық № 1 балалар үйінне 700 мың теңгенің қайырымдылық шарасын жасады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі. 

Шараға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, балғындарды Мәуліт мерекесімен құттықтады. Арнайы ат басын тіреген Бас мүфти балалар үйінің тыныс-тіршілігімен танысып, тәрбиеші аналармен жүздесті.


Бас мүфти балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жеткіншектерге достық, татулық, мейірім жайында уағыз айтып, кеңінен түсіндірді. Балдырғандарды қуанту мақсатында оларға тәттілер таратылып, балаларға арнап клоунның қатысуымен әртүрлі көңілді қойылымдар көрсетілді.


Бүлдіршіндердің қуаныштары қойнына сыймай, ақ тілектерін арнап, дін қызметкерлеріне ризашылығын білдірді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!