Өзінің жүктілігін күйеуінен 9 ай бойы жасырып келген

Фотография - Өзінің жүктілігін күйеуінен 9 ай бойы жасырып келген

ШҚО-да Жаңа жылда босанған әйел өзінің жүктілігін күйеуінен 9 ай бойы жасырып келген

174 0

Өскемен тұрғыны өз күйеуіне Жаңа жылға қарсы нағыз тосын сый жасады. Ер кісі әйелінің 9 ай бойы жүкті болып келгенін білмеген. Сол себепті 31 желтоқсанда дүниеге келген сәби әкесіне күтпеген жағдайға айналды.

Бұл туралы YK-news.kz-ке сілтеме жасап nur.kz хабарлайды.

Ольга өзі де тура мереке қарсаңында босанатынын күтпеген. Толғақ қысқанда арқасы ауырды деп ойлаған келіншек күйеуінен дәрігерлер шақыртуын сұраған.

Әйел екінші баласын босанарда не себепті күйеуіне ештеңе айтпағанын жөнді түсіндірмеді. Келіп жеткен дәрігерлер келіншекте толғақ басталғанын айтқанда, күйеуі шалқасынан түсе жаздаған.

Евгений әйелінің жүкті екенінен еш сезіктенбегендіктен, баласы дүниеге келгені оған нағыз жаңажылдық тосын сый болған.

"Оляда толғақ басталды дегенде "қайдағы толғақ, оның арқасы ауырып тұр" деп таңырқағаным есімде. Соңына дейін не болып жатқанын білмей келдім", – дейді ер кісі.

Ольга 31 желтоқсанның кешінде сәтті босанып, ұл баланы дүниеге әкелді. Оған Степан деген есім берген жас жұбайлар туыстарын да таңырқатқан. Себебі жақындары да Оляның жүктілігін байқамаған.

"Оля өзі толықтау еді, сол себепті өзгерістер байқамадық. Қанша рет қонақта болсам да байқамаппын", – дейді отбасының туысы Дмитрий.

Оля соңына дейін күйеуі онсыз да бәрін біліп жүр деген пікірде болған екен.

"Күйеуім, тіпті менен "қашан ішіңді жинайсың?" деп сұрайтын. Әрине ол жүкті екенімді айтпағаным үшін біраз ренжіді. Мен бәрі онсыз да жүкті екенімді, мендегі өзгерістерді байқап жүр деп ойладым. Жай жүкті екенімді айтып жатудың қажеті жоқ деп санадым", – дейді жас ана.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!