Елорда көшелеріне жаңа коммуналдық техника шығарылады

Фотография - Елорда көшелеріне жаңа коммуналдық техника шығарылады

сурет astana.gov.kz сайтынан

Қосымша самосвалдар қар шығаруды 44 мың текше м. және қоқыс шығаруды 58 мың текше м. арттырады

311 0

Қала көшелері мен жолдарын уақытылы тазалау үшін коммуналдық мамандандырылған техника паркі жүйелі түрде жаңартылып отырады. 2015 жылы 112 бірлік арнайы техника сатып алынды, бұл қала аумақтарын тазалау көлемін ұлғайтуға, парктер мен гүлбақтарды жинауға, сондай-ақ, қол еңбегін механизациялауға, Астананы көгалдандыру бойынша өндірістік қызметті жақсартуға мүмкіндік береді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Жаңа "Амкодор-37" және "Амкодор-211" қар тиегіштер жолдарда, парктер мен гүлбақтарда көлемі 2,8 млн. текше м. жердегі қарды жинау үшін пайдаланылады. Қосымша самосвалдар қар шығаруды 44 мың текше м. және қоқыс шығаруды 58 мың текше м. арттырады. Жаңа сыпыру машиналары 64 млн. текше м. астам қар мен қоқысты қала аумағынан шығаруға көмектеседі. Бұдан басқа, коммуналдық қызметкерлерге көмек ретінде «Амкадор» шағын тиегішері, "Авант" шағын тиегіштері және табанды тиегіштер сатып алынды. Сондай-ақ, КамАЗ-43253 шассимен КО-806-01 біріктірілген машинаның жеті бірлігі жаңадан алынды. Аталған көліктер жаз маусымында ағаштар мен гүлдерді суару үшін 44 млн. литрден астам су тасымалдайды.


Жалпы, елорданың коммуналдық паркінде 1700 бірлік техника бар. Қазіргі заманғы коммуналдық техника қаланы жинау тиімділігін арттыруға және қоршаған ортаны сақтау мен жақсартуға септігін тигізеді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!