С.Кулагин Аққөл ауданында 140 орындық балалар бақшасын ашты

Фотография - С.Кулагин Аққөл ауданында 140 орындық балалар бақшасын ашты

Нысан "Балапан" мемлекеттік бағдарламасы бойынша қайта жөндеуден өткеннен кейін қайта ашылуда

111 0

Бүгін Ақмола облысының Ақкөл ауданында Ақмола облысының әкімі С.В.Кулагиннің қатысуымен 140 орындық балалар бақшасының салтанатты ашылу рәсімі өтті деп хабарлайды СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Нысан "Балапан" мемлекеттік бағдарламасы бойынша қайта жөндеуден өткеннен кейін қайта ашылуда. Жалпы бұл ғимарат бұрын Ақкөл балалар үйінің мектепке дейінгі корпусы болып келген. Өзінің аудандарға барған бір жұмыс сапары барысында облыс әкімі ғимаратты балалар бақшасы ретінде пайдалану туралы тапсырма берілген еді. Сөйтіп қайта ұйымдастыруға байланысты осы жерде тәрбиеленіп жатқан 30 бала ғимараттан Ақкөл балалар үйінің негізгі корпусына ауыстырылған. 2015 жылдың маусым айында бұл ғимарат аудандық білім беру бөлімінің қамтуына, "Ақбота" балалар бақшасын ашу үшін берілген. Бүгінде жас ақкөлдіктер бұл жерде мемлекеттік және ресми тілдерде білім алуды бастап кетті.

"Жарайсыңдар тапсырманы уақытылы, әдемі әрі сапалы орындадыңдар. Тұрғындар үшін балалар бақшасының ашылуы қашанда үлкен қуаныш. Мен сіздерді қуаныштарыңызбен құттықтап, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін", деді өңір басшысы өзінің ашу сөзінде. Балалармен кездесу барысында облыс басшысы олардың әсерлі әндерін тыңдап, кетерінде жаңа бақшаға естелікке Sony Bravia теледидарын сыйға тартты. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!