Made in Kazakhstan брендімен аяқ-киім шығарылады

Фотография - Made in Kazakhstan брендімен аяқ-киім шығарылады

БҚО-да отандық тауарларды көптеп қолдануда.

222 0

Made in Kazakhstan. Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданының тұрғындары осындай брендпен шығарылған аяқ-киім киіп жүр.
Аудан орталығында тұратын іскер азамат "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында өз бизнесіне несие алып, кәсібін дөңгелете бастаған. Сонау 80-ші жылдары өз ісін ат әбзелдерін жасаудан бастаған тасқалалық Сейітқали Шотанов кейіннен етік жөндеумен айналыса бастапты. Шебер бүгінде аяқ-киім мен сөмкенің түр түрін өзі тігеді. "Таза былғарыдан жасалатындықтан, оның қолынан шыққан дүниенің сапасы өте жоғары", – дейді ауылдастары. Сейітқали былтыр 2 миллион теңге несие рәсімдеген. Ол қаржыға ауылдан жаңа ғимарат салып, қажетті шикізат пен станоктар сатып алған.
Сейітқали Шотанов, етікші - Тапсырыс көп жан-жақтан. Қаладан келеді, жақын аудандардан келеді. Тасқала енді өзінен-өзі ғой мындағылар. Қазір төрт адам істеп жатырмыз. Енді жұмысшы керегін керек. Оған енді білетін адамдар керек.
Айман Мүкірәлиева, зейнеткер - Маған етік тігіп берді. Жолдасыма да, жиеніме де тігіп жатыр. Біздер ризамыз. Күзде тағы да бізге етік тігіп берсін. Бұл жақсы шебер. Етікші қазір киім тігумен айналысатын ауыл кәсіпкерлерінің біріне күзде өзі кірген ғимараттың бір бөлмесін жалға беріп отыр. Олар ауылдағы өнер ұжымдарының етігі мен сахнаға шығатын көйлектерін, өрт сөндірушілердің бәтеңкесі мен жұмыс киімін бірлесіп тігуде. Ауыл тұрғындарына жеңілдіктер де қарастырылған.
Елена Фролова, тігінші - Кейде келушілердің ақшасы жетіңкіремей қалады. Ондайда бөліп телеуге мүмкіндік жасаймыз. Ақшасын кейін беремін деп келетіндер де бар. Оларға да түсіністікпен қарап, қолдан келгенінше көмектесіп тұрамыз. Ал Қарақалпақстаннан көшіп келген Санжарбек Сағынов аталған мемлекеттік бағдарлама бойынша 18 миллион теңге несие алып, есік-терезе жасайтын цех ашыпты. Темір есік пен қақпаларды әзірлеп, орнатумен, сантехникалық қызмет түрлерін ұсынумен де айналысады. Ол болашақта автокөлік жөндейтін станса ашқысы келеді.
Бәтима Кеңтоғаева, Тасқала аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры - Осы бағдарлама арқылы біздің ауданда 2012-2015 жылдар аралығында 153 адам бағдарламаға қатысушы болып танылып, 294 млн. теңгеге шағын несие алып, қосымша жұмыс орындарын ашып, іске асырылып жатыр. Алда да осы бағдарлама өзінің жалғасын табады. Тасқалада 9 ауылдық округ бар. 7 наубайхана жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ ауыл тұрғындары мал шаруашылығын дамытып, құс өсіріп, жылыжай ашу үшін де несие алыпты. Құрылыс материалдарын шығаратын цехтар да іске қосылған. Сондықтан жаңа үйлер көптеп салынып, ауыл жылдан жылға кеңейіп келеді.
 
Хабар



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!