Асанбай Кенжеев: МС Сайлаубек "Шымкенттің құрметті азаматы" атағына лайықты

Фотография - Асанбай Кенжеев: МС Сайлаубек "Шымкенттің құрметті азаматы" атағына лайықты

МС Сайлаубек Шымкентке де бірнеше рет келіп, концерт берді. Шымкенттіктердің көңілін көтергені үшін оған көп рахмет! - дейді Асанбай.

1178 0

Құрметті редакция! Сіздердің газеттеріңізді көзіқарақты көп адам оқиды ғой, сол себепті билік басындағы ағалардың құлағына жетсе екен деп арнайы хат жолдап отырмын,-деп жазады Асанбай Кенжеев  есімді Шымкент тұрғыны. Бұл туралы Замана басылымы жазады.  

Мен өзім соңғы кездері өте танымал "жұлдызға" айналған МС Сайлаубектің фанаты боламын. Оның "Фомэнэ клэп" әнін жатқа білемін. Оны Алматыда бір кісілер "Жыл адамы" деп жариялапты. Бұл туралы естіп қуанып қалдым.

МС Сайлаубек Шымкентке де бірнеше рет келіп, концерт берді. Оған арнайы барып, риза болдым. Шымкенттіктердің көңілін көтергені үшін оған көп рахмет!

Міне, менің осы орайда бір ұсынысым бар. Дәл осы МС Сайлаубекке "Шымкент қаласының құрметті азаматы" атағы берілсе екен.

Біріншіден, қалаға оның еңбегі сіңді деп ойлаймын. Екіншіден, естуімше, соңғы жылдары Шымкент қаласында мұндай атақ осындай өзгеше адамдарға беріліп жүр деседі ғой...

Сол себепті менің осы ұсынысым сөзсіз ескерілсе екен деймін. Биылғы Маймыл жылында бұл мәселе де өзінің оң шешімін табарына сенемін!-деп жазады Шымкент тұрғыны.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!