ОҚО-да медиация кабинеті ашылды

Фотография - ОҚО-да медиация кабинеті ашылды

Медиатор қызметін "Қоғамдық келісім" КММ-нің эксперті, облыстық шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Хасан Бациев атқарып отыр.

390 0

Оңтүстік Қазақстан облыстық Ассамблея хатшылығының қолдауымен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты жанындағы "Қоғамдық келісім" КММ-де медиация кабинеті ашылды, деп хабарлайды BNews.kz.

Бүгінгі таңда, медиатор қызметін "Қоғамдық келісім" КММ-нің эксперті, облыстық шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Хасан Бациев атқарып отыр. Медиация кабинетіне интернет жүйесіне қосылған арнайы сенім телефоны орнатылған. Медиация кабинетінің жұмыс жоспары бекітіліп, мемлекеттік органдар мен аналар кеңесі, этномәдени бірлестіктер, жастар қанаты, журналист-блогерлермен бірлесе жұмыс жасауды, олармен бірлескен іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, "Медиация" оқу-әдістемелік құралын басып шығару жұмыстарын жүргізбек. Жергілікті халыққа этносаралық дау туындаған жағдайда, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі 7 "А" үйде орналасқан "Қоғамдық келісім" мекемесінің ғимаратындағы "Медиация кабинетіне" немесе 8 (725) 2-392-330 сенім телефоны арқылы медиатор қызметіне жүгінуге болады.

Халыққа елдегі этносаясатты түсіндіру, этносаралық қатынастар саласындағы шиеленістерді дауласушы тараптардың барлығына бірдей көзқарас таныта отырып, екі тарапқа да тиімді жағдайда шешу мақсатында құрылып отырған қызметтің еліміздегі біртектілік пен бірліктің нығаюына үлкен үлесін қосатынына сеніміміз мол.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!