Алматы мен Тегеран арасында тікелей әуе байланысы ашылады

Фотография - Алматы мен Тегеран арасында тікелей әуе байланысы ашылады

Келіссөз барысында тараптар бұл рейстің еліміздің транзитті әлеуетін дамытуға ықпал ететінін атап өтті

113 0

Биыл маусым айында Алматы мен Тегеран арасында тікелей әуе байланысы ашылады, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі. 

Аптасына 3 рейс орындалады. Тиісті Хаттамаға ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ластаев бастаған делегацияның 2016 жылы 16-17 қаңтарда Иранға сапары кезінде қол қойылды. Келіссөз барысында тараптар бұл рейстің еліміздің транзитті әлеуетін дамытуға ықпал етіп, Иранды Қазақстан арқылы Қытаймен және Ресейдің қалаларымен байланыстыратынын атап өтті. Әуе байланысын Эйр Астана компаниясы орындайды. Келешекте Астана-Тегеран әуе байланысын ашу жоспарланып отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!