Еліміздің оңтүстігінен солтүстігіне 400-ден астам отбасы қоныс аудармақ

Фотография - Еліміздің оңтүстігінен солтүстігіне 400-ден астам отбасы қоныс аудармақ

200-ге жуық оңтүстікқазақстандық Солтүстікке көшіп, "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы арқылы жұмыспен, баспанамен қамтылған.

1355 1

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысынан Солтүстік аймаққа 400-ден астам отбасы қоныс аударуы мүмкін. Нақтырақ айтсақ, қазіргі таңда, солтүстік өңірге көшуге ниет білдірген 458 отбасының 50-і, яғни 200-ге жуық оңтүстікқазақстандық Солтүстікке көшіп, "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы арқылы жұмыспен, баспанамен қамтылған, деп хабарлайды BNews.kz.

Ал қалған отбасылар үшін Солтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тиісті жұмыстар қарастырып, құжаттарын реттеп жатыр. Бүгінде Күнгейден теріскейге көшкен отандастарымыздың дені құрылыс, білім беру, ауыл шаруашылығы және медицина салаларында еңбек етіп, еліміздің дамуына өз үлесін қосып келеді.

Еске салсақ, өткен жылдың маусым айында оңтүстік өңірге Солтүстік Қазақстан облысының арнайы делегациясы келіп, аймақтың жұмысқа қабілетті азаматтарын солтүстікке қоныс аудару арқылы тұрғын үй, басқа да әлеуметтік көмектер (оның ішінде, жұмыс берушілердің есебінен 53 тұрғын үй, 3 пәтер, жатақхана т.б) көрсете отырып, жұмысқа шақырған болатын. Осыдан соң, арада көп өтпей, ОҚО әкімінің орынбасары Е.Айтахановтың жетекшілігімен арнайы топ Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, 13 ауданның еңбек рыногының жағдайымен танысып қайтқан болатын.




Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Акерке 14 шіл. 17:35

Солтустiк Казахстанга коныс аударсак деген едiк. Кiммен хабарлассак болады.

Жауап беру