Атырауда екі оқушы ерліктері үшін марапатталды

Фотография - Атырауда екі оқушы ерліктері үшін марапатталды

Бейбарыс Қайроллаұлы мен Ермахан Насиханның өзенге батып бара жатқан әйелді құтқарған

304 0

Атырау облысының Құрманғазы ауданында тұратын 2 оқушы "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісіне ие болды. Төтенше жағдайлар комитетінің арнаулы төсбелгісін оқушыларға облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов облыстық мәслихаттың сессиясында тапсырды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Өткен жылдың жазында Құрманғазы ауданының Еңбекші ауылдық округінде тұратын Бейбарыс Қайроллаұлы мен Ермахан Насиханның өзенге батып бара жатқан әйелді құтқарғанын хабарлаған едік. Сол кезде бірі 13-тегі, екіншісі 12 жастағы қос өрен өз өмірлерін қатерге тігуден жасқанбай, жанұшыра көмек сұраған әйелді ажалдан аман алып қалуға ұмтылған. Енді міне, батыл балғындар қорғансыз жанды судан құтқарудағы ерлікке тән ісі үшін Төтенше жағдайлар комитетінің "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен марапатталды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!