ШҚО-да жастар қайырымдылықпен айналысып жүр

Фотография - ШҚО-да жастар қайырымдылықпен айналысып жүр

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция жыл соңына дейін жалғасын табады

350 0

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ШҚО-ның белсенді ерікті жастары  "25 қайырымды іс" акциясын қолға алды. Республика бойынша алғаш рет өтіп отырған акцияда еріктілер қайырымдылық кештерін ұйымдастырып, түскен қаражатты мұқтаж жанұяларға тапсырады, деп хабарлайды ШҚО ақпарат орталығынан.

    

Қайырыдылыққа баулыған игі шара Аягөз ауданында "Жан шуағы" акциясымен басталып, жастар өз тараптарынан жиналған азық-түлік пен көмірді тұрмыстық жағдайы төмен жалғызбасты анаға тапсырған.  Осындай қайырымдылық шаралары аймақтың түкпір-түкпірінде жалғасын тауып, қайырымдылық концерттері өтіп, ақпан айында жеребе тартылады. Жеребеден өткен ауданға жиналған қор жіберіліп, мұқтаж жандарға көмек көрсетілетін болады.

        –Елдігіміз үшін елеулі мереке Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлау аясында бастау алып отырған қайырымдылық шарасына облысымыздың әр аймағынан жастар белсене ат салысуда. Бұл «Жесірін жебеп, жетімін жылатпаған» халқымыздың құндылығы бүгінгі жастардың бойында әлі сақтаулы екендігінің дәлелі. Акцияның ауқымы кеңейе түседі деген сенімдеміз, – деді ШҚО жастарды қолдау орталығының директоры Арайлым Есімбекова.

        Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция жыл соңына дейін жалғасын табады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!