Алматыда "Оңай" жүйесіне қарсы шыққан автобус жүргізушілері жұмыстан қуылады

Фотография - Алматыда "Оңай" жүйесіне қарсы шыққан автобус жүргізушілері жұмыстан қуылады

Алматы әкімдігінің Қоғамдық көлік басқармасы автопарктер жаңа енгізулерге қасақана бүлік жасағаны үшін жауапкершілікке тартылатынын ескертті

594 0

Алматыда "Оңай" электронды төлем жүйесіне қарсы шыққан №65 автобус паркінің жүргізушілері жұмыстан шығарылады. 19 қаңтардан бастап қарсылық көрсеткен сегіз адам жұмыстан шеттетілді. Бұл туралы Today.kz тілшісіне "Тұлпар ЦДС" автобус паркінен хабарлады.

"Олардың жұмыстан шығарылатыны сөзсіз. Қазір қызметтік тергеу жүруде және дәл осы сегіз адам бүгіннен бастап жұмысқа шықпайды", - деп хабарлады автобус паркінен.

Ал Алматы әкімдігінің Қоғамдық көлік басқармасы автопарктер жаңа енгізулерге қасақана бүлік жасағаны үшін жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

"Жүргізушілерді жұмыстан шығарамыз, бірақ бұны автопарк істеуі керек. Автопарктер алдын алу шараларын өткізбесе, оларға қатысты да шара қолданамыз. Автопарк қалай болса да жүргізушілері үшін жауапты", - дейді Алматы әкімдігінің Қоғамдық көлік басқармасының жетекшісі Дәурен Әлімбеков.

Айта кетейік, 18 қаңтар күні Алматыда №65 бағыттағы автобус жүргізушілері "Оңай" электронды төлем жүйесіне қарсы акция өткізген. Белгілі болғандай, автобустың біріндегі жүргізуші төлемді қолма-қол қабылдаған. Жүргізуші бұзушылықты мойындамаған. Оны қолдау ретінде бірнеше жүргізуші бағытқа шығудан бас тартқан.

Ал "Алматы көлік холдингі" мәліметінше, "Тұлпар ЦДС" жекеменшік автопаркінің жүргізушілерінен әлі де қолмақол ақша алу жоспарын алмаған. Тасымалдаушылардың еңбекақы жүйесі де реттелмеген.

2016 жылдың 18 қаңтарынан "Алматы көлік холдингі" муниципалды полициямен бірге қоғамдық көлікте ақыны қолма-қол жүргізетін жолаушылар мен жүргізушілерді тексеруге шықты. Бұзушыларға екіден бес АЕК-ке дейін айппұл салынады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!