Алматыда "Оңай" жүйесі орнатылмағандықтан 35 автобус бағыттан алынып тасталды

Фотография - Алматыда "Оңай" жүйесі орнатылмағандықтан 35 автобус бағыттан алынып тасталды

Алматыда 19 қаңтардан бастап ауданаралық екі бағыттағы автобустар жұмысқа шықпады

527 0

Алматыда 19 қаңтардан бастап ауданаралық №337 және №339 бағыттағы автобустар жұмысқа шықпады, деп жазады Today.kz тілшісі. Автобустарда "Оңай" электронды билеттеу жүйесі болмағандықтан полиция жүргізушілерге айыппұл салып, оларды жүргізуші құқығынан айыруда.

Туындаған мәселе туралы Қасқелеңнің автобус паркінің директоры Асанбек Садырқулов айтып берді.

"16 қаңтарда біздің жүргізушілерді қалаға кіргізбей қойды, оларды үлкен айыппұлмен жазалап, кейбірін жүргізу құқығынан айырды. Біз мұндайда жүргізушілерді бағытқа жіберудің мәнісі жоқ деп ойлаймыз. Жалпы 16 жүргізушіге жаза қолданып, үшеуін жүргізу құқығынан айырды. Автобустарда "Оңай" жүйесі орнатылмағандықтан, полиця қызметкерлерімізді жазалау үшін басқа да себептер іздеуде".

"337 мен 339 бағыттағы автобустарға "Оңай" жүйесінсіз қалаға кіруге тиым салды. Біз өітінішті баяғыда-ақ бергенімізбен, жүйе орнатылмады. Бағыттан 35 автобус алынды. Қазір жетекшілер кеңес өткізуде, осы мәселені талқылап жатыр- дейді атқарушы директор Асанбек Садырқулов.

Айта кетейік, Талғар ауданы Бесағаш ауылына дейінгі осы автобустарда жол ақысы - 100 теңге, Алматы қаласының аумағында – 80 теңге.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!