"Есіл" ауданының әкімі денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен кездесті

Фотография - "Есіл" ауданының әкімі денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен кездесті

Кездесуге Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қатысты.

267 0

Астана қаласы аудандары әкімдерінің есеп беру кездесулері аясында "Есіл" ауданының әкімі Сабила Мұстафина Республикалық диагностикалық орталықта медициналық холдинг пен аудандық медицина мекемелерінің еңбек ұжымымен кездесті. Кездесуге Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қатысты.

Өткен жылдың қорытындысына тоқталған Сабила Мұстафина пайдалануға берілген денсаулық сақтау нысандарын атап өтті.

– 2015 жылы 4 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға беріліп, өз жұмысын бастады: сол жағалауда бір ауысымда 500 келушіге арналған амбулаториялық-емхана кешені, Қабанбай батыр даңғылы мен №30 көшенің бойындағы 250 кереует-орындық қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы, бір ауысымда 150 келушіге арналған емханасы бар 250 кереует-орындық медициналық-әлеуметтік оңалту орталығы, сондай-ақ, "Үркер" тұрғын алабында бір ауысымда 150 келушіге арналған бастапқы медициналық әлеуметтік көмек көрсету орталығы, – деді С. Мұстафина.

Кездесуге келушілер аудан аумағын абаттандыру, жол салу, коммуналдық қызметтер мен кәсіпорындар жұмысы, қауіпсіз қозғалыс, құрылыс, сондай-ақ, жолаушылар көлігі мәселелерін көтерді.

Тұрғындардың сұрақтарына жауап бере отырып, Сабила Мұстафина биыл аудан аумағында үш гүлбақ салынатынын жеткізді: №2 қалалық аурухананың жанында, №1 перинаталдық орталықтың жанында және "Тельман" тұрғын алабында.


Еске салайық, "Есіл" ауданының әкімі Сабила Мұстафинаның келесі кездесуі ертең сағат 15:00 ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде өтеді. Оған студенттер мен оқу орнының еңбек ұжымы қатысады. Ал 22 қаңтарда сағат 11.00 "Қазақстан" орталық концерт залында соңғы халықпен есеп беру кездесуі өтеді. 

Қала аудандары әкімдерінің есеп беру кездесулерінің толық кестесімен astana.gov.kz сілтемесі бойынша танысуға болады. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!