Астаналықтар жергілікті полицияға көмектесуде

Фотография - Астаналықтар жергілікті полицияға көмектесуде

Жергілікті полицияның мәліметінше, елордада ішкі істер органдарына тәртіп сақтауда тұрақты көмектесетін 847 азамат тіркелген.

356 0

Жыл сайын елордада құқықтық тәртіпке немқұрайлы қарамайтын азаматтар саны артып келеді. Мұндай белсенді азаматтық позиция полиция қызметкерлеріне қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көмектеседі және ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алуға септігін тигізеді. Осылайша, азаматтық қоғамның полицияға деген сенімі артады.

Жергілікті полицияның мәліметінше, елордада ішкі істер органдарына тәртіп сақтауда тұрақты көмектесетін 847 азамат тіркелген. Соның ішінде 32 құқық қорғау органдарының ардагері, 202 консьерж, 246 күзет құрылымдарының қызметкері, сондай-ақ, қалалық ЖОО студенттерінен құрылған жедел жастар жасақтарының 267 мүшесі. Сонымен қатар, "Астана ЕРЦ" бірыңғай есеп айырысу орталығының 100 қызметкері мен ПИК өкілдері де бар. Мүдделі тұлғалардың барлығы ерікті негізде көмектеседі.

"Қашан болса да, полицейлер ерікті көмекшілердің көмегіне жүгінген. Олар өздерінің бос уақыттарында қоғамдық тәртіпті күзетуге шығады. Бұрын оларды халық жасақтары деп атаса, бүгінде қоғамдық көмекшілер. Қазіргі кезде белсенді азаматтық позицияны ұстанатын көптеген адамдар учаскелік полиция инспекторларына құқық бұзушылықтар туралы хабарлайды, бірге патрульдеуге қатысады, сондай-ақ, алдын алу жұмыстарын өткізеді", – деді Астана қаласының ІІД ЖПҚ бастығының орынбасары Ғосман Жакин.

2015 жылы қоғамдық көмекшілердің белсенді көмегінің арқасында 80 қылмыс ашылды, 4,5 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Астана қаласының Ішкі істер департаменті әкімдіктің қолдауымен жалпы сомасы 13 млн. теңге көлемінде 978 азаматқа сыйақы төледі және бағалы сыйлықтар табыстады.

Айта кетейік, жергілікті полиция қызметі белсенді азаматтық позицияны насихаттап, астаналықтарды құқық бұзушылықтарға немқұрайлылық танытпауға, азаматтарға белгілі болған фактілер туралы сенім телефондары бойынша немесе Астана қаласының ІІД мен қала әкімдігінің ресми сайттарына хабарлауға шақырады.

astana.gov.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!