Аружан Саин: "Мемлекеттік қызмет маған қол емес"

Фотография - Аружан Саин: "Мемлекеттік қызмет маған қол емес"

Фото: ©Роман Либерчук

Тележүргізушінің аутист- бауыры, мансап жолы мен жеке бақыты туралы сыр шертуі

807 0

10 жыл бұрын ғана ол жұлдызы жанған актриса, тележүргізуші, продюсер және егіз қыздардың анасы болатын. Қазір ол елдің басты филантропы және өзге балалар үшін жауапкершіліктің ауыр жүгін қуана көтеріп келеді. Егер бұл әйел туралы айтқанда сандарға жүгінсек, "Добровольное общество "Милосердие" (ДОМ) есебінде 1369 көмек қолы созылған өмір бар. Алайда өзгелердің тағдыры үшін күрес – қордың жалғызжобасы емес. Бірнеше жыл бойы қор жетімдер мен балаларға, ДЦП мен аутизм сырқаты барларға жәрдемдесуде. Today.kz  тілшісіне берген эксклюзивті сұқбатында өмірлік драмасы, алғашқы табысы, қайта қайта құру мен махаббат туралы айтып берді.

– Аружан, кейінгі кезде сіз аутизм сырқаты барларға көп көңіл бөлудесіз. Сіз, мұндай синдромы бар адамдарды қоғамдастыруға болатынына сенесіз бе?

– Аутизм – адамзат әлі күресе алмайтын проблемма деп есептеледі. Әлемде жүріп жатқан бар жұмыс қоғамдастыруға бағытталған және адамды осы жағдайдан шығаруға арналған ғылыми зерттеулерден тұрады. Аутизмнің себебі көп, бізідің алдымызда шешімі жоқ үлкен мәселе. Қазір алға жылжып келе жатқа әдістер мен жағдайы үшін күресіп жүрген балалар көп. Қиын жағдайлар көп. Мәселен, тек ақ түсті тамақ қана қабылдайтын қыз (ол өзге түстен қатты шошитын), немесе сенің артыңнан сұрақтарды ғана қайталайтын бала. Олардың барлығы үшін біз ата-анаарымен біріге жұмыс істейтін үйді жалға алып отырмыз. Бұл жоба "Самрұқ-Қазына" ҰӘҚ мен "Эфес" компаниясының арқасында жүзеге асты. Топта бұл балалармен менің бауырым Әуез сабақ жүргізеді.

– Сіз аутизмнің не екенін жақсы білесіз. Сіздің бауырыңыз Әуездің де осындай сырқаты болған, "Аутизм победим" жобасының пайда болуының себебі де осыдан емес пе?

– Менің ата-анам Әуезде аутизм барын білген кезде бір сәтке де қолдарын қусырып, үмітін үзген емес. Біз не істемедік, қайда бармадық, тіпті қауіпті болып келетін бағаналық жасушаны ауыстыруды да жасаттық. Менің ата-анам осы күресте мен үшін үлгі. Оларға: "Басқа бала тауып алыңыздар, бас тартып, оны ауруханаға өткізіңіздер", - деп айтқан. Бір нәрсе істеуге мүмкіндік бар жерде қол қусыруға болмайды. Қазір Әуез ер жетті, 30 жаста, мүмкін ол үлкен жетістіктерге жете алмас, алайда, жақсы жағы бар: ол миға зиянын тигізетін дәрі-дәрмек пен иньекцияларға көп қабылдамады. Ол мектеп бітірді, директор оның сабаққа келуін үнемі қолдап тұрды, сыныптастары мазақ еткен жоқ, ол фортепианомен айналыса алды. Қазір ол "Аутизм победим" жобасында тәжірибелік түрде қызмет етіп жүр, ол балалармен жұмыс істейді және бұнысы жаман болып жатқан жоқ. Ол балалармен тіл табыса алады, олар өздерін бірдей екенін сезеді. Дегенмен, мен бауырымның отбасы мен бала-шағасы болатынына үміттенемін.

– Аутизмі бар балаларға "тілдік немесе психомоторлық дамудың ауытқуы" диагнозын қояды, сіздер Әуезде аутизм барын қалай білдіңіздер?

– Ол үшін ақша мүлдем түсініксіз, ол дүкенге барып, қайтқан ақшаны алмайды, ол ешкімге зиян келтіре алмайды, адамға қарсылық та көрсете алмайды. Мен тап осындай ерекше адамдар адамзатқа қандай болу керектігін  және бір-бірімзбен қандай қатынаста болуымыз керектігін көрсету үшін жіберілгеніне сенемін. Бала кезінде Әуез қалыпты болатын, біз тек жалғыз ерекшелікті байқағанбыз, ол көрпесін тастамайтын, тіпті жол жүрсек те соны алып жүретінбіз. Қазір Әуез бұрынғыдан гөрі қарым-қатынасқа жақсы шығады: ол бізбен, мамандармен, балалармен сөйлеседі. Біздің ауладағы барлық балалар жан-жаққа тарап, ол жалғыздықтан өзіне кетіп қалған уақыт болған. Қазір мүлде басқаша жағдай: оның пайдасы тиетін социумы мен ортасы бар.

Мен жағдайды сиқырлы таблеткамен өзгерте алмасымды білемін, алайда, мен оған оң көзқараста қарайтындай етіп әлемді өзгерте алуға мүмкіндігім бар. Біздің отбасы мұндай сынақтан өте алатындықтан осындай бала келді ортамызға, бастысы – отбасылық құндылықты бағалау керек.

– Сіз үшін отбасылық құндылықтар екінші орынға ысырылмағаны анық. Тұрмыс құрған жылдар ішінде тағы қандай құндылықтар пайда болды?

– Адамдардың жетістігі керемет көлігі, соңғы үлгідегі киімі мен телефоны барымен өлшенетін болды. Бұның барлығынсыз өмір сүруге болады! Адамға дұрыс тамақтанып, қажетті киімі болу үшін қолымен бір нәрсе жасаса жеткілікті. Шегін білмеу мен өзге құндылықтар артына түсу адамдар арасын үзеді. Баласын бір үйірмеге баруына ақша аяп, орнына қаржыны сәнді кофейняға немесе жаңа девайс алуға шығындалуды түсінбеймін. Мен осыны балаларыма үйреткім келеді, олардың қандай мамандықты таңдаса да бақытты болуын қалаймын.менік екі егіз қызым бар, олар балетке барады, тігуді үйреніп жүр. Диана биолог болғысы келеді, жануарларды құтқару қызметінде істеуді, халықаралық экспедицияларға қатысуды қалайды. София сәулетші болғысы келеді – үйде барлық қораптарды жинаймыз, сосын ол олардан бірдеме құрастырады. Әкеміз бизнеспен айналысады, ол авиациядан кетті, ол кезде онда аз төледі, мұны ол отбасы үшін жасады.

– Сіз еріңізге басты асыраушы, ақша табушы ретінде қарайсыз ба, немесе сіздің телекомпаниядағы табысыңыз да айтарлықтай ма?

– Үйде басты адам әрине, ер адам және табысты да ол көбірек табады. Телекомпанияның гүлденген уақыты болған, қазір олай емес. Сенімділікпен айта аламын, үйді де, үйдің ішіндегі мүлікті де балаларымның әкесі тапқан.

– Сіз бизнесті қашан бастадыңыз, Аружан Сайынға қанша адам қызмет етеді?

– Қайырымдылық қорының штатында 14 адам. Бұл бөлек заңды ұйым, мен оған уақытымның 80 пайызын бөлемін. Бірақ, бұл жұмыс емес, адам ретіндегі, ана ретіндегі өмірлік қажеттілік. "Аружан и Компания" продюссерлік орталыққа келер болсақ, мен бұл бизнестің жарты акциясына иемін, өзге бөлігі менің досым мен компаньоным Замираға тиесілі. Біз орынды жалға алып, 30 адамға жалақы төлейміз. Біз эфирде 23 жыл жүргенімізге қарамастан, Қазақстанда телебағдарламаға қаржы табу өте қиын. Шынын айтқанда, мені шығармашылық тобым кешірсін, бизнеспен ғана айналыссам, көбірек табыс табар едім.

– Сіз қатал басшысыз ба?

– Менде титрлар 20 жыл бойы ауысқан жоқ, мұнда кімге айқайлай алам? (күледі). Сол бір адамдар көрермен үшін бағдарлама жасайды және оны жақсы істейді, ондай болмағанда осынша жыл бірге істеспес едік.

– Бизнеске деген ептілік баяғыдан болды ма, әлде бұл икемділік уақытпен келді ма?

– Бала кезімде "Караван" газетін сатқанмын және ата-анам табыс табуда мені қолдайтын. Әкем – инженер-сейсмолог, Саин Сазанбаев, барлық апатты жерсілкініс болған жерлерді аралаған – Спитак, Зайсан және т. б. Ол өмір бойы жұмыс істеді және қалай табыс табу керектігін біледі. Анам – оқытушы, қазір ол қайырымдылық қорында қажетті. Мектеп кезінде директормен мектепке жұма және сенбі күндері келмеу туарлы келісіп алғанмын, өйткені,  "Караван" жұма күні шығатын. Бірақ, тапсырмаларды алдын ала өткізіп тұрдым. Педогогикалық кеңес шулап кетті, дегенмен, директор мені қолдады. Әкем маған жиналатын үстел жасап берді. Сонымен мен таңғы алтыда редакцияға барып, 100 газет алып, "Атакентке" барып, газет сататынмын. Суық күндері қалың киініп, сол кезде – "Аляска" деген курткалар шықты – соңғы газетке дейін отыратынмын. "Караван" 15 тиын тұрды, кейін 25, 50, 75, одан кейін бір жарым сом болды. Айына мен 100 сомдай тауып отырдым. Ата-анам ол ақшаны жинады да, мен 18 келгенде алғашқы көлік алып берді. Ол 1983 жылғы ұсталған Honda Ballade болатын. Соның арқасында мені Алматының барлық ТЖО қызметкерлері танитын.

– Желтоқсанның соңында Астанада Президенттің қатысуымен жаңа жылдық бал өткен, одан жиылған қаржы "Добровольное общество "Милосердие" қорына аударылды. Қоғамда Елбасының сіздің қорға деген оң көзқарасын байқады. Неліктен ақшаны дәл сіздерге бөледі? Қайырымдылық қорларында өзіндік сенім рейтингі бар ма?

– Біздің қорға биыл 10 жыл толды. Осы уақытта біз 1369 балаға көмектесе алдық, "Казахстан без сирот" жобасы жұмыс істеуде. Біз аутизм мен ДЦП жұмысқа бет бұрдық. Бұл нақты Аружан Саин мен 14 адамның жұмысы емес. Бұл бүкіл қазақстандықтардың жемісі және Нұрсұлтан Назарбаев өз көмегі арқылы Қазақстандағы барлық бей-жай емес адамдарға көмегі арқылы сенім білдіреді. Қорымыз арқылы өтетін қаржы менікі емес, бір-екі ауқатты жандардың да ақшасы емес, бұл біртіндеп, аздап жиналған бүкіл халықтың ақшасы. Перзидент мұның адал екенін көреді.

– Наурызда кезектен тыс парламент сайлауы болады, депутаттыққа сайланғыңыз келмейді ме?

– Мемлекеттік қызмет – бұл мен үшін емес, мен тым эмоционалдымын және жүйеде жұмыс істей алмаймын, мен шығармашылық адамымын.азаматтық секторға да адмадар керек. Мен әйел адаммын, келісу мүмкіндігі әйел адамда, ерлерге қарағанда көбірек. Билікті қаттырақ болу керек, келісесіз ғой. Оның үстіне, мемлекеттік қызметті үлкен жауапкершілік ретінде көремін, мен оған әлі даяр емеспін.

– Сіз эмоцияналдысыз, дегенмен қаншама қиын тағдарларды көріп жүрсіз... Күнделікті ауырлықтан қалай құтыласыз?

– Бала кезімнен айналысатын балет бар, мені қиындықтарды жеңуге үйреткен. Бұл қиын да ауыр болды, бірақ мен бұдан балерина болмасам да өттім. Осыдан шынықтым, мен үйге жаман көңілмен келе алмаймын, отбасым, балаларым үшін. Мен кітап оқығанды, тігін тіккенді және теңізді сүйемін. Мен Қызылтеңіз бен сұлу рифтерді ашқанда, қайта туылғандай болдым. Адамда да табиғаттағыдай махаббат болу керек, "Сен жақсы бала болсаң, сені жақсы көретін боламын" деуге болмайды. Сөзсіз сүю керек, сонда Ғалам саған да осындай жауап қацырады.

– Сіз "Подари детям  жизнь" қоры көмектескен балалардың ата-анасымен қарым-қатынастасыз ба?

– Бұлай азырақ істеуге тырысамын, өйткені менің міндетім қаржы тауып, көмектесуге тырысу. Ата-анамен сөйлесу, құжат жинақтау, клиника табумен координаторлар айналысады. Еш баланы да бөліп ала алмаймын, әрбір ем мен үшін қуаныш, әрбір нәтижесіздік үлкен қайғы. Мен балалардың ауырсынғанын өзім сезгендей боламын. Ерекше атап өтуге болары Арайлым Бортанова, оған қытайлық қыздың донорлық бүйрегін салған. Бүйрек жақсы бітісіп кетті, арайлым қазір Қытайда оқиды, біздің қорға қонаққа келгенде, дәмді палау ала келеді де, қалжыңдап: "Аружан тәте, мен қытай тілін үйрендім, маған көмектескені қытайлық бүйрек", дейді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!