Еліміздің көлік полицейлері 2015 жылы 60 мыңнан аса құқық бұзушылықты анықтаған

Фотография - Еліміздің көлік полицейлері 2015 жылы 60 мыңнан аса құқық бұзушылықты анықтаған

Көлік полицейлерімен 4 тоннадан аса түрлі есірткі заттары, оның ішінде 8,5 келі героин тәркіленіп алынды

256 0

Көліктегі ішкі істер департаментінде Департамент бастығы полиция полковнигі Ержан Саденовтың төрағалық етуімен кеңейтілген мәжіліс өтті. Оған ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев қатысты. Мәжіліс барысында 2015 жылы атқарылған жедел-қызметтік жұмыстардың қорытындысы және Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы "Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму" атты Жолдауында көлік полицейлеріне жүктеген міндеттер талқыланды, деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.

Мәжілісті ашқан Е. Саденов республикамыздың темір жол және әуе көліктері нысандарындағы жедел жағдайдың жай-күйін бақылауды қамтамасыз ету бойынша Елбасымыздың және ішкі істер министрлігінің жүктеген міндеттерінің орындалуы бойынша тиісті шаралар қабылданып жатқанын айтып өтті.

Жалпы алғанда 2015 жылы Департаменттің қызмет көрсету аумағында 2889 құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 2022 қылмыс және 867 қылмыстық теріс қылықтар. Өткен жылы, қылмыстардың жалпы ашылу көрсеткіші – 83,4 %-ды құрады. Аса ауыр емес қылмыстар саны 38,6 %-ға, ауырлығы орташа дәрежедегі қылмыстар саны 19,5%-ға азаған. Сондай-ақ, бөгде адамдардың мүлкін ұрлау 12,0 %-ға, оның ішінде телефон ұрлығы 17,5 %-ға төмендеген.

Көлік полицейлерімен 4 тоннадан аса түрлі есірткі заттары, оның ішінде 8,5 келі героин тәркіленіп алынды. Сондай-ақ контрабанданың 13 фактісі мен есірткі тасымалының 24 фактісі анықталды. Есірткімен байланысты құқық бұзушылыққа қатысты жалпы саны 417 факт тіркелді.

Басқосу барысында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы "Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму" атты Жолдауының басым бағыттары талқыланды Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Департаменттің қызмет көрсету аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, ұсақ құқық бұзушылыққа, бұзақылыққа, мәдениетсіздікке "мүлдем төзбеушілік" қағидатын қалыптастыруды бағытында Көліктегі ІІД-де жедел-алдын алу сипатындағы бірқатар шаралар қабылданды. Осының нәтижесінде 60 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 114 млн. теңгеден аса айыппұл өндірілді.

Фото -

Бұдан соң желілік бөлініс бастықтарының есептері тыңдалды.

Министрдің орынбасары Е. Тұрғымбаев мәжілісті қорытындылай келіп, Министрліктің қоғамдық тәртіп пен темір жол және әуе көліктеріндегі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша көлік полицейлерінің алдына қойып отырған міндеттерін жеке құрамға жеткізді. Бұған қоса, кадрлық саясатты жүзеге асыру, әскери-қызметтік даярлық пен жеке құрам арасында тәртіпті күшейту, сондай-ақ, әрбір бөліністегі сыбайлас жемқорлықпен күрес шараларын күшейту мәселелері сөз болды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!