ОҚО-да маусымдық тұмаудан келер қауіп жоқ

Фотография - ОҚО-да маусымдық тұмаудан келер қауіп жоқ

37 адамның барлығы бүгінгі таңда Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп, толықтай жазылып кеткен.

308 0

ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А.Сапарғалиева осылай деді. Айтуынша, халық арасында "доңыз тұмауы" деп аталып кеткен ауру түрімен науқастанған 37 адамның барлығы бүгінгі таңда Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп, толықтай жазылып кеткен, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, өткен жылдың қазан айында облыс бойынша 450 мың оңтүстікқазақстандыққа екпе егіліп, вакциналау жұмыстары қоғамның жиі ауыратын тобы – көп науқастанатын балалар мен алты айдан 1 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге және зейнет жасындағы азаматтарға жасалған болатын. Бұл облыс деңгейіндегі халықтың 16,2 пайызын құрап, жұмыстар жоспардан артық орындалған. Ал дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының тәртібінше, жергілікті халықтың кем дегенде 10 пайызы екпеден өтуі қажет екен.
Баспасөз жиынында сөз алған ОҚО Тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ж.Медетов: "Екпе жұмыстары кезінде облыста 450 мың азаматтан бөлек, 4,5 мың адамға жұмыс берушілердің есебінен, 318 адамға ақылы есептен екпе жұмыстары жасалды. Ал маусымдық тұмауға шалдыққан 37 адамның біреуі де екпеден өтпеген. Бір қуантарлығы, олардың ешқайсысы маусымдық тұмаудың қауіпті түрімен емес, аталған тұмаудың орташа, жеңіл түрімен науқастанды. Бүгінде олардың жағдайлары жақсы. Ешқандай қауіп жоқ", - деді. Мамандардың мәліметінше, бүгінгі таңда ОҚО тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті мен ОҚО денсаулық сақтау басқармасы және ОҚО білім басқармасының мамандары бірлесіп, емдеу мекемелері мен білім ошақтарында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.  Сонымен қатар, жиында 2015-2016 жылғы ЖРВИ/тұмау бойынша эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ-дің 4355 жағдайы тіркеліп, аурушаңдықтың 2014 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 1,5 есеге төмендегені айтылды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!