Қонақ үй қызметкерін балағаттаған Бауыржан Ибрагимовтің қылығы жаға ұстатты

Фотография - Қонақ үй қызметкерін балағаттаған Бауыржан Ибрагимовтің қылығы жаға ұстатты

Танымал әртіс Бауыржан Ибрагимовтің басы дауға қалды.

743 0

Желіде "Бауыржан шоу" әзіл-ысқақ театрының негізін қалаушы, танымал әртіс Бауыржан Ибрагимовтің басы дауға қалды, деп хабарлайды nur.kz.
Әлеуметтік желілерде таралып кеткен видеода ол өзіне қонақ үйде орын жоқ екенін айтқан қабылдау бөлмесіндегі бойжеткенді аяусыз сыбаған.
Танымал тұлға өзіне мәселенің мән-жайын дұрыс түсіндірсе де, бойжеткенді кінәлап, оны балағаттаумен болады.
Қыз балаға былапыт сөздерді жаудырған Бауыржан Ибрагимовтің бұл қылығын желі қолданушылары сынға алып жатыр.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер қолданылған!



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!