Алматы қаласында 578 сайлау комиссиясы болады

Фотография - Алматы қаласында 578 сайлау комиссиясы болады

Бүгін Алматы қаласының орталық сайлау комиссиясында 20 наурызда өтетін Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына қатысты жиын өтті.

728 0

Жиын барысында сайлау кезінде қызмет ететін комиссиялар мен учаскелік орталықтардың жұмысы айтылды. Яғни, сайлау барысында Алматы қаласы бойынша 578 сайлау комиссиялары, оның 1-уі қалалық және 8 аудандық. Сонымен қатар, 37 округтік және 532 учаскелік орталықтар жұмыс жасайды.

"Алматы қаласына облыстан жерлер қосылды. Сол себепті тұрғындарды тіркеу барысында бірнеше қиындықтар туындады. Әйтсе де барлық мәселені шештік, тұрғындар еш қиындықсыз жергілікті сайлау учаскелеріне барып, дауыс бере алады",- деді Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Доспанов.

Жалпы Алматы қаласы бойынша сайлаушылар саны 1 038 876 адам екен. Айта кетейік, партия өкілдері үгіт-насихат шараларын 2016 жылдың 20 ақпанынан бастап, ал Алматы қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар 24 ақпан күні бастайды. 


almaty.tv



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!