Алматының Алмалы ауданында мектеп аралық волейболдан жарыс өтті

Фотография - Алматының Алмалы ауданында мектеп аралық волейболдан жарыс өтті

Еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына байланысты 26 қаңтарда волейболдан жарыс өтті.

1253 0

"Тәні саудың, жаны сау" демекші, дені сау ұлт қалыптастыруда спорттың маңызы ерекше. Бүгінде еліміздегі жастарды саламатты өмір салтын ұстануға шақыру, олардың бойындағы отансүйгіштік, төзімділік пен табандылық қасиеттерін арттыру басты назарда. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы "Қазақстан жаңа жаhандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму" атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы аясында еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына байланысты 26 қаңтарда волейбол бойынша жарыс өтті.
Алматы қаласының Алмалы ауданына қарасты мектептердің 7-8 сынып оқушылары №58 ЖББМ-де (жалпы білім беретін мектеп)  Алмалы ауданы әкімінің кубогы үшін жарысқа түсті. Аудандағы мектептерден барлығы 50-ге жуық оқушы жиналды. Алмалы ауданы әкімінің аппараты, Алмалы аудандық білім беру бөлімі, "Нұр Отан" партиясының Алмалы ауданы бойынша филиалы,  Алматы қ. Ішкі істер департаментінің Есірткіге қарсы күрес басқармасы, Алматы қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы,  Алматы қаласы әкімдігі жанындағы "Қоғамдық келісім" КММ, "Ақ ниет" АББ бөлімінің ұлттық медициналық ассоциациясы және тағы басқа ұйымдардың мұрындық болуымен ұйымдастырылып отырған спорттық жарыстың жеңімпаздары кубоктарды иеленіп, команда естелік сыйлықтармен, аудан әкімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.

Фото - Фото - Фото - Фото -

Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру т.б. жаттығулардан  тұрады. Волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып саналады. Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясын, қабілет-қасиетін қалыптасыруға, жалпы денсаулығына өте жақсы әсер ететін спорттық ойын.
Спорттық жарыстың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық 1-ші орынды №55 ЖББМ, 2-ші орынды №167 ЖББМ, 3-ші орынды №34 гимназия мектебі иеленді.
Н.Ә.Назарбаев: "Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту - мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі" деген болатын. Бұл тұрғыда дене шынықтыру мен спорт саласын дамыту, спорттық шараларды ұйымдастыру, оны бір жүйеге келтіруді көздейтін заңымыз бар екені белгілі. Себебі, Елбасымыз айтқандай, спорт ‒ елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Сондықтан Тәуелсіздіктің 25 жылдық құрметіне осындай денсаулыққа пайдасы зор шараларды өткізудің зор.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!