2016 жылы Астанада 112 апаттық жағдайдағы тұрғын үй бұзылады

Фотография - 2016 жылы Астанада 112 апаттық жағдайдағы тұрғын үй бұзылады

Апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерді жою бойынша қанатқақты жобаға енгізілген барлық үйлер 2017 жылдың шілде айына дейін бұзылады.

221 0

Астанада биылғы жылы апаттық жағдайдағы 112 үй, ал 2017 жылы 54 үй бұзылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун айтты. 

"Апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерді жою бойынша қанатқақты жобаға енгізілген барлық үйлер 2017 жылдың шілде айына дейін бұзылады. Бұл 228 тұрғын үй", - деді С.Хорошун.

Астана қаласы әкімі орынбасарының айтуынша, бүгінгі күні елордада 62 үй бұзылған. 2016 жылы апаттық жағдайдағы 112, ал 2017 жылы 54 үйдің тұрғындары жаңа баспанаға ие болады.

"Аталған бағдарлама бойынша қаржыландыруға және құрылыс мерзіміне қатысты ешқандай мәселе жоқ", - деп нақтылады ол.

astana.gov.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!