Геннадий Головкинді фанаттары Астана әуежайынан күтіп алды

Фотография - Геннадий Головкинді фанаттары Астана әуежайынан күтіп алды

Оншақты қазақстандықтар кумирімен үздік селфи жасау үшін қаумалап алды.

400 0

Бокстан әлем чемпионы, орта салмақтағы кәсіпқой боксшы қазақстандық Геннадий Головкин Астанаға келді, деп жазады Today.kz

Күтіп алушылар VIP аймаққа алдын ала жинала бастаған. "Мүмкін жанымыздан өтер?" – деп сыбырласып жатты қыздар.

Генадий бақылауды өтіп, шағын холлға шықты, осы жерде оны дәстүрлі шашудың астына алды, бауырсақ пен қымыздан дәм татырды.

Генадий Головкиннің елде қанша болатындығы және туған қаласы – Қарағандыға барып үлгереді ме, оны анықтау мүмкін болмады.

Фото -


Боксшының Астана мен Алматыда екі баспасөз конференциясын өткізетіні ғана белгілі.

Жақында Халықаралық бокс федерациясы (IBF) Головкинге жаңа қарсылас тағайындаған болатын. Ол – американдық Доминик Уэйд. Оның есебінде 18 кездесу және ешбірін ұтылмаған. Өз кезегінде Генадий 34 кездесу өткізіп, ешбірін ұтылмаған.

Тек 2015 жылдың өзінде қазақстандық боксшы үш жекпе-жек өткізді, соның ішінде канадалық Девид Лемьемен өткізген айтуыл кездесуі. International Business Times баспасының нұсқасы бойынша, Головкин салмақ дәрежесіне қарамастан Pound-For-Pound үздік боксшылар рейтінгін бастап тұр.

Айта кетейік, биылғы жылы Қарағадының атақты спортшы туған – Майқұдықауданында спорт кешенін пайдалануға беру жоспарланған.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!