Астанада ауыр жағдайдағы пациентке көмек көрсетпеген дәрігер жұмыстан қуылды

Фотография - Астанада ауыр жағдайдағы пациентке көмек көрсетпеген дәрігер жұмыстан қуылды

Тағы бірнеше медқызметкер әкімшілік жазаға тартылды

327 0

Астанада жедел жәрдеммен жеткізілмеген пациентке қызмет көрсетпеген дәрігерді жұмыстан шығарды, деп жазады Today.kz қаланың денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары Иван Лиге сілтеме жасай отырып. Әңгіме екі рет ауруханаға жатқызылмаған әйел туралы, соның салдарынан ол жансақтау бөліміне түсіп қалған.

Мекемеде мәселені толықтай қарағанын хабарлады. Әйел адам язвалық ауру және өткір панкреатит бойынша шақырту жасағаны анықталды, дегенмен, жансақтау бөліміне ол басқа сырқат салдарынан түскен.

"Алдымен әйел теміржол ауруханасына жеткізілген, кейін амбулаторлы-клиникалық деңгейге ауыстырылды. Артынан амбулаторлы-клиникалық дәрігерлер оған қызмет көрсетпеген, салдарынан екінші шақырту кезінде сырқат өршіген. Осыған байланысты ол жедел жәрдеммен №1 қалалық клиникалық аурухана жеткізілді. Ол жерде ол басқа сырқат – асқазан асты безінің ісінуі бойынша ем қабылдады. Жалпы оның жағдайы қанағаттанарлық, – дейді Иван Ли. – Одан бөлек пациенттің онгологиялық ауруы бар. Онда қан рагы бар және жансақтау бөліміне осы себепті түскен. Жедел жәрдемді шақыртуы да сол себепті болған".

Оқиғаға кінәлілер жазасын тартты, дейді шенеунік. Нақты айтқанда, оған қызмет көрсетпеген дәрігер жұмыстан босатылды. Ал үйге жедел шақырту алғандар әкімшілік жазаға тартылды.

"Болашақта мұндай қайталанбайды деп ойлаймын", - деп уәде берді Астаналық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!