Қытайдағы қазақ жігіт ойламаған жерден миллионер болып шыға келді

Фотография - Қытайдағы қазақ жігіт ойламаған жерден миллионер болып шыға келді

Қомақты ұтыс иеленген 40 жастан асқан лоторея әуесқойы 10 жылдан бері үздіксіз лоторея ойнап келген

265 0

Қытайдың Алтай аймағы Қаба ауданында 26 қаңтар күні "Игілік" ұтыс лотореясының "Қос түсті шар" сыйлықты билетінен бір қазақ азаматы қомақты қаржы ұтып алды. Қандасымыздың ұтып алған сыйлық сомасы 10 759 612 юаньды құрайды, - деп хабарлайды "Қамшы" порталы алтайлық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.  

Қомақты ұтыс иеленген 40 жастан асқан лоторея әуесқойы 10 жылдан бері үздіксіз лоторея ойнап келген. Ұтыс шыққан лоторея сандары оның отбасы мүшелерінің туған ай, күнімен құрамдас болып шыққан. Ұтыс сомасын теңгеге шаққанда 559499824 теңгені құрап отыр. Доллармен есептегенде бұл сома 1543448 долларды құрайды.

Осының алдында, 14 қаңтар күні Алтай аймағының Бейтүн қаласында тағы бір лоторея әуескері осы лоторея билетінен 10 620 158 юаньдық сыйлыққа ие болған еді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!